Жолдарды бағындыру үшін жасалған және кез келген жинақтамадағы жабдықталуымен таң қалдырады.
Жүргізу жеңілдеді
Corolla жүргізуден ұмытылмас сезімдер сыйлайды
Қауіпсіздік ең алдымен
Сізді және жол қозғалысының басқа қатысушыларын қорғау үшін жасалған қауіпсіздік жүйелері
Жайлы саяхаттаңыз
Әдемі және кең салон жайлылығымен ерекшеленеді және стильді көрінеді
Қозғалысы жатық және елгезек трансмиссиялар
Кез келген жағдайда теңдесі жоқ динамика
Қосылу мүмкіндіктері
Toyota мультимедиялық жүйесі смартфонмен интеграцияны қолдайды.
Әр бөлшегіндегі динамика
Сүйірленген контурлары Toyota-ның жарыстық мұрасын бейнелеп, автокөліктің таңдаулы екенін айшықтап тұр.
Седан Corolla — озық технологиялардың сырбаз бейнесі. Отын үнемділігінің және кең салонының арқасында ол ыңғайлылық бойынша үміттерді ақтап қана қоймай, заманауи дизайнының, жүрісінің жатықтығының және динамикасының есебінен эмоциялар деңгейінде де сүйсіндіреді.
Corolla седаны сымсыз зарядтау функциясымен жабдықталады және сізге әрдайым байланыста болуға көмектесетін Apple CarPlay және Android Auto интерфейстері арқылы қосылатын ауқымды мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Corolla седанындағы сымсыз байланыс арқылы бағдарламалық құралды жаңарту функциясының арқасында бүкіл әлем алақаныңызда.
Corolla әрбір сапардан жайлылық пен ләззат сыйлайды. Интуитивті және теңгерімді қуат агрегаты кез келген жағдайда бірқалыпты әрі сенімді жүріс динамикасын қамтамасыз етеді.
Corolla седаны Toyota инженерлік тәжірибесінің бай мұрасын негізге алады. Бензин нұсқасы сыналған технологияларды, үнемділікті және сенімді динамиканы үйлестіріп, қалада да, тас жолда да жайлылықты қамтамасыз етеді. Бұл – күнделікті сапарлар мен ұзақ жолдарға арналған сенімді автомобиль.
Toyota Corolla сіздің сенімді жүргізу көмекшіңізге айналатын T-Mate озық қауіпсіздік жүйелерінің кешенімен жабдықталады. T-Mate — тас жолда да, қала көшелері мен тұрақтарда да жүргізушіге автокөлікті басқаруға көмектесуге және жүргізуді анағұрлым қауіпсіз етуге арналған жүйелер жиынтығы.
Corolla сатып алушылары үшін қолжетімді сақтандыру қызметтері, Toyota кепілдігі және қаржылық ұсыныстары туралы көбірек біліңіз.
Toyota Financial Services сіздің қажеттіліктеріңізге бейімделген икемді және қолайлы қаржылық өнімдердің ауқымды таңдауын ұсынады.
Toyota сізге көлік жүргізуге қажеттінің бәрін Toyota Easy деп аталатын қарапайым, икемді және қолжетімді мобильді шешімге біріктірді. Сіздің қажеттіліктеріңіз бірінші орында тұрады.
Бірден автокөліктің меншік иесі болғыңыз келсе және сізге берешекті өтеудің қарапайым жоспары қажет болса, классикалық кредитті таңдаңыз.
Ай сайынғы бекітілген төлемге жаңа Toyota автокөлігінің барлық артықшылығын және қамтылған қызметтердің ауқымды спектрін пайдаланыңыз.
Біз автосақтандыру саласындағы сарапшыларымыз және Toyota автокөлігінің әрбір пайдаланушысына жоғары сапалы әрі қолжетімді автосақтандыру қызметтерін ұсынуға көңіл бөлеміз. Біз өз клиенттерімізге мобилділік саласындағы ең жақсы сақтандыру өнімдері мен қызметтерін ғана ұсынамыз.
Біз Toyota автокөліктерінің иелеріне сапалы әрі қолжетімді сақтандыру шешімдерін ұсынамыз. Біздің өнімдер жолда өзіңізді сенімді сезінуге көмектеседі және күтпеген жағдайлардан қорғайды.
Өзіңізге қызмет көрсету және жөндеу саласындағы Toyota шешімдерін ашыңыз. Кешенді техникалық қызмет көрсетуге ие болуы үшін Toyota авторландырылған сервис орталықтарына хабарласыңыз.
Көп жылдар өтсе де Toyota автокөлігіңіз сізді сатып алған күндегідей қуантуы үшін оған өкілетті сервис орталықтарында сапалы техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етіңіз.
Біз Toyota автокөліктеріне сапалы техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтерін ұсынамыз.
Біздің сервис орталықтарымызда тек білікті механиктер жұмыс істейді және түпнұсқа қосалқы бөлшектерді ғана қолданады, сондықтан сіз әрдайым Toyota-дан күтетін сапа деңгейін аласыз.